Түркістандық кітапханашы республика бойынша үздік атанды

22

Түркістандық кітапханашы республика бойынша жылдың үздігі атанды. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында өтіп жатқан «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ұйымының отырысында облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекова «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапатталды.

Бұл мәртебе ел бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек бір қызметкерге беріледі.

Айта кетейік, кітапхана ісін нығайту жолында еңбек етіп жүрген руханият шырақшылары жақын күндері кәсіби мерекесін тойлауы мүмкін. Яғни, елімізде 24 қазан –Кітапханашылар күнін атап өту жоспарланып отыр.