«Заң үстемдігі және әділетті қоғам»

48

Әділетті мемлекетті қалай құрамыз? «Аманат» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ел Президенті Жолдауының аясында «Заң үстемдігі және әділетті қоғам» тақырыбы талқыға түскен жиын өтті. Онда жолдауда көрсетілген 5 бағыт туралы айтылып, жастарға заңға енген өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндірді.

Абай аудандық «Аманат» партиясының өкілдері жергілікті медицина және педагог қызметкерлері, жастармен кездесті. Маңызды жиындағы әңгіме ел Президентінің халыққа Жолдауы аясындағы «Заң үстемдігі және әділетті қоғам» тақырыбында өрбіді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әділетті мемлекет құру үшін қоғамға қызмет ететін патриот ұрпақ тәриелеу керек деген мамандар, Әділетті Қазақстан – жаңа Қазақстан құру жолындағы өзгерістерді талқылады.

Мұратәлі Қалмұратов, «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары: «Әділетті Қазақстан – Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғы бастапқы шарттарының бірі деп санаймыз. Қазір бізде заңға көптеген толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл бойынша парламент, мәжіліс жұмыс жасап жатыр. Біздің экономикалық ақуалымыз тұрақтамай, әлеуметтік жағдайымыз дұрыс талмайды. Ал экономика мен заң тығыз байланысты»

Кездесуде Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауының 5 бағыты сөз болды. Соның ішіндегі Заң және тәртіп бөлігі бойынша жастарға бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы: «Бұл жиналыстың тақырыбы Заң үстемділігін сақтау және сонымен бірге жастар тәрбиесіне үлкен мән беру. Шын мәнінде мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні дәстүрлі жолдауында жариялады. Мақсат әділетті қоғам құру еді. Әділетті мемлекет құру үшін заң үстемділігін сақтауымыз керек. Заң мемлекет басшысынан бастап шаруаларға дейін ортақ»

Жиында жолдаудың жастарға қатысты айтылған тұстарына басымдық берілді. Атап айтқанда, қатысушыларға мемлекеттік қолдау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жұмыссыз жастарды еңбекке тарту бағытындағы тегін курстар туралы толыққанды ақпараттар ұсынылды.