4-6 қараша күндері Kaspi Жұма өтеді

139

4, 5 және 6 қарашада Kaspi Жұма тағы да өтеді. Сатып алушылар үшін бұл – тиімді сатып алу мерекесі деуге де болады. Ал шағын және орта бизнеске даму мен жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі. Мерекеге дайындық қалай өтуде?

Бұл жолы Kaspi Жұмада рекордтық көрсеткіш – Қазақстан бойынша 100 мың дүкен мен компания қатысады. Олар негізінен шағын және орта бизнес өкілдері.

Меруерт Қалдыбек, QazaqBrend дүкенінің иесі: «Біздің шағын кәсіпорынымыз бар. Көрпелер тігумен айналысамыз. Kaspi-дің арқасында бізді көптеген тұтынушылар біліп жатыр. Kaspi арқылы біз басқа қалаларға тапсырыстар жеткіземіз, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларынан көптеген тапсырыстар түседі. Арнайы Kaspi Жұма үшін көрпелерді тіктік, дайындадық. Сатып алушыларды қуантуға дайынбыз».

Александр Задулин, «Кәсіби сантехника» дүкенінің аға менеджері: «Кәсіби сантехникалық дүкен Kaspi жұмаға 101 пайыз дайын және барлық тұтынушыларға қуана-қуана қызмет көрсетеміз. Қажетті құрал-жабдықтардың барлығы қоймада дайын».

Kaspi.kz–тегі интернет дүкенде 2,5 миллион түрлі тауар ұсынылған. Бұл жиһаз, электроника, зергерлік бұйымдар, үйге арналған және автотауарлар, құрылыс материалдары. Сіздің денсаулығыңызды жақсартуға арналған тауарлар, киім мен аяқкиім, балалар тауарлары және басқалары. Сатып алған заттар әдеттегідей тегін жеткізіледі. Жалпы, сатып алушылардың басым бөлігі қалаған уақытында алып кету үшін Kaspi Postomat арқылы жеткізуді таңдайды.

Назерке Сәрсембай, сатып алушы: «Мен қазір декор дүкенінде өзімнің пәтеріме керекті заттарымды қарастырып жүрмін және де осы жақын арада Kaspi Жұма болатынын естідім. Ең бастысы пайызсыз, артық төлемсіз, өте керемет».

Сергей Потурайко, сатып алушы: «Мен Kaspi қызметтерін көптен бері пайдаланамын. Kaspi Жұманы асыға күтемін, өйткені тиімді, ыңғайлы. Маған олардың жылдам тегін жеткізуі және үйдің жанында орналасқан постоматтардың болуы ұнайды!»

Көптеген елдерде онлайн сатып алудың үлкен мерекесі бар. АҚШ-та Amazon, Қытайда Aliexpress ұйымдастырады. Ал Қазақстанда Kaspi.kz-тен Kaspi Жұма. Мұндай мерекелер сатып алушыларды ғана қуантып қоймай, сонымен қатар бизнеске дамуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімді жоғарылатуға көмектеседі.