64 ұстаз миллионер атанды

42

 Қазақстанда «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, 64 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордада  өтті.

Үздік педагог-2022 республикалық байқауы жеңімпаздарының әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
«Үздік педагог-2022» республикалық байқауы жеңімпаздарының әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді
Салтанатты шарада оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті.
Ол әріптестерін «Үздік педагог» атағы берілуімен құттықтап, оларға білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ министр ұстаздарға қиын, бірақ құрметті кәсіпте жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін тартысқа түскен. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл жалпы байқауға мұғалімдердің рекордтық саны – 5,5 мыңнан астам ұстаз қатысты.
Үздік педагог-2022 республикалық байқауы жеңімпаздарының әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
«Үздік педагог-2022» республикалық байқауы жеңімпаздарының әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілді
Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың қарқынын онлайн бақылап, қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар алғанын біліп отыру мүмкіндігіне ие болды. Байқаудың республикалық кезеңінің қатысушылары өткізген ашық сабақтарды конкурстық комиссия бағалады.
Республикалық конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді ұстаздар кірді.