«Мемлекеттік бағдарлама бойынша шағын кәсіп бастауға жәрдемдесемін» деп, заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азамай тұр. 2022 жылдың 14-қарашасында, сағат 22:05-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны (азаматша) арызданған.
Ол арызында, бірнеше жылдан бергі танысы жеке өзіне тиесілі ірі жеке кәсіпкерлігінің бар екенін біліп, сеніміне кіру үшін Африка мемлекетінен алтын әкеліп сататынын айтып: «Егерде 20 000 АҚШ долларын алдын ала берсең, әр 20 күн сайын үстіндегі пайдасы ретінде 20 000 АҚШ долларын аласың» деп ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында күдіктінің алтын саудасымен айналысатыны белгілі болды.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.