«Достық» шағынауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді

124

«Достық» шағынауданында 300  балаға шақталған  мектеп ашылды. Қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл мектеп қаланың іргесіндегі  шағынауданға аса қажет болатын.

Осыған дейін балалар 5 шақырымда орналасқан шағынаудандағы мектепке қатынап  оқыса, енді  үйлеріне жақын жерде дәріс алады. Әрине,  білім ордасы,  қажеттілікті өтемейді,  Достық шағынауданының бұл  бөлігінде мамандандырылған ХҚО  төңірегінде мұнда 500 жуық бала тұрады.  Жеке инвестордың есебінен салынған бұл мектептің  педагогтар құрамы жасақталып та қойған. Мектепке барар жолға   жақын арада асфальт төселеді,  қосымша қоғамдық көліктер де  бағытқа қосылады дейді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов. Алдағы қыста ешқандай проблема болмайды, өйткені, жаңа мектепте дербес жылу жүйесі қарастырылған. Су, газ, электр жарығы барлығы бар дейді аудан басшысы. Бүгінде ауданда 53 мектептер екі, бір аусымда дәріс береді. 3 ауысымда оқитын білім ордалары ауданда жоқтың қасы. Алдағы уақытта екі ауысымды бір ауысымға көшіру бағытында жұмыс жалғасуда дейді шенеунік.

Достық шағынауданының тұрғындары Шымкент қалалық әкімдігіне талай рет мектеп қажет деп өтініш айтқан болатын. Арада көп уақыт өтпей тұрғындардың өтініші орындалды. Бұған ең алдымен балаларымыз алысқа бармайтын болды деп шағынаудан тұрғындары қуанулы.

Шымкенттің шалғай шетінде орналасқан шағынауданда тұрғындар саны жыл жылжыған сайын көбейіп келеді. Оның үстіне әрбір төртінші сәби күнгейде дүние есігін ашатынын ескерсек, мектеп тапшылығы туындауы заңдылық та.

Қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, былтыр бірінші сыныпқа 25 мың бала қабылданса, биыл28 мыңнан асқан. Ағымдағы жылы Шымкентте 41 мектеп пайдалануға беріген.