Шымкенттегі Президент резиденциясы қалалық білім басқармасының балансына өтті. Редиденция балаларды қабылдауға дерлік дайын. Материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Дарынды балаларға қажетті құрал-жабдықтардың бәрі түгел жеткізілген. Ғимарат 30 орынға шақталған. Онда олимпиада жеңімпаздары, дарынды балалар, оқу үздіктері бара алады.
ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді. Құрал-жабдықтары бар, оқу кабинеттері бар, жатын бөлмелері бар, асханалары, ыдыс-аяқ және сол сияқты толық қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір айтқанда санитарлық лицензия, рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде. Сәуір айында іске қосамыз деген жоспарымыз бар».
Естеріңізге сала кетейік, тамыз кеңесінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков президенттің Шымкенттегі резиденциясы дарынды балаларға арналған лагерь болатынын мәлімдеген еді. Лагер жыл бойы тұрақты жұмыс істейді. Шамамен жылына 2 мыңнан аса баланы қабылдайды.
Дилара Иса





