Игерілмей жатқан 37 мың гектар жер қайтарылды

36

Жетісу облысының Алакөл ауданында игерілмей жатқан 37 мың гектар жер анықталды. Ауыл шаруашылығынан бөлек Алакөл жағалауында да пайдаланылмай жатқан жерлер бар. Мәселен Ақши және Достық елді-мекендерінде коммерциялық мақсатта алынған 2600 гектар жер игерілмеген.

Аудандық прокуратура тарапынан 35 тұлғаға хаттама жолданды. Аудан бойынша 900 гектар жер қайтарылып, ел игілігіне берілді. Құзырлы орган алдағы уақытта да пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтауды жоспарлап отыр. Жалпы Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам жер игерілмеген.