Түркістанда мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шұбарсу ауылы көшелерінің бірінде «ВАЗ-21099» маркалы көлік жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екендігін байқап, анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сай жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болады.
Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.