Медицина академиясы үндістандық оқу ордасымен меморандумға қол қойды

30

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен JSS Жоғары білім және зерттеулер академиясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл құжат, оқу ордасына айтулы мекеменің фармацевтикалық зерттеулер саласындағы тәжірибесі мен озық зерттеу мүмкіндіктерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа құжат үлкен әрі тиімді мүмкіндіктерге жол ашады. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен JSS Жоғары білім және зерттеулер академиясы арасында түзілген Меморандум жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік академиялық ұтқырлық, тағылымдама және ғылыми-зерттеу жобалары саласындағы оқытушылар мен білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жоғары оқу орындары арасында қол қойылған меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық: тәжірибе, ақпарат, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен алмасу, материалдарды жариялау, бірлескен зерттеулер жүргізу, конференциялар және тағы басқа салаларды қамтиды.

Мырзабек Рысбеков, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры: «Жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік академиялық ұтқырлық, тағылымдама және ғылыми-зерттеу жобалары саласындағы оқытушылар мен білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.Ағымдағы жылы ОҚ медицина академиясын 140 үнді маманы бітірсе, былтырғы көрсеткіш 40. Биылғы оқу жылында 1200 үнді студент дәріс алуда».