Министр криминогендік жағдай туралы есеп берді

64
Оңтүстікте тағы бір бала ұрлау қылмысы ашылды

Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді. Марат Ахметжановтың сөзінше, биылғы 10 айда ауыр қылмыстар саны азайған. Жыл басынан бері 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар адам саудасы, қару-жарақ, есірткі сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан.

Полицейлер биыл 12 тоннаға жуық есірткі тәркіледі. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 3 жылға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі: «Аса ауыр қылмыстардың төмендеуін айту керек. Оның ішінде қасақана адамды өлтіру, тонау, зорлау, мал ұрлығы және т.б халықтың мазасын алып отырған қылмыстар. Және осы жолдауда берілген тапсырма интернет-алаяқтық, есірткімен қарсы күреске және отбасылық тұрмыстық зомбылық жағдайында жасалып отырған іс-шаралар туралы баяндадым».