Шымкентте Опера және балет театрының ұжымы саяси науқанды нағыз мерекеге айналдырды. Өнер ордасында орналасқан сайлау учаскесіне келген әрбір дауыс беруші ұлттық-патриоттық әнді тыңдауға мүмкіндік алды.
Мұнда тарихи оқиғаға белсенді қатысып, алғаш рет дауыс берген жастар да көп. Сондай-ақ, маңызды күннен олимпиада чемпиондары да шет қалмады. Байқаушылар сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін айтып отыр.
Опера және балет театрында орналасқан сайлау уческесінің дауыс берушілеріне өнер ұжымы нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады. Өз аумағындағы сайлаушыларды мекеме директоры Майра Мұхамедқызы бастаған әртістер жанды дауыстағы әнімен қарсы алды.
Өнер ордасындағы сайлау учаскесінде саяси науқан нағыз мерекеге айналып отыр. Ел Президентін таңдап, дауыс беруге отбасымен бірге келгендер көп болды. Мұнда сайлаушыларға арнайы сыйлықтарда үлестірілді.
Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызыда отбасымен бірге өз таңдауын осы сайлау учаскесінде жасағанын айтады.
Майра Мұхамедқызы, Шымкент қаласы Опера және балет театрының директоры: «Шыныменде, бұл бүкіл халқымыз үшін ерліктің, елдіктің, ынтымақтың, берекенің нышаны деп білем өз басым. Сондықтан театрда халық болып дауыс берудеміз. Біз театр болған соң, қазақ халқы әрқашан мерекені ән күймен өткізді. Сондықтан әнмен, сәнмен осы учаскеде театр ішінде әр келген дауыс берушіге көңілді көтеріп, музыка ән әрқашан халық игілігімен бірге. Бұл мен үшін де тарихи кезең, мен әрқашанда Қазақстандағы әрбір сайлауда дауысымды беріп келемін. Сондықтан да мен бүгін сол қатысушы үміткерлерге өз дауысымды бердім».
Айта кетсек, үшінші мегаполисте 634 мың 818 сайлаушы бар. Оның
7, 5 мыңы алғаш рет өз таңдауын жасап отырған жастар болса, 85 мыңға жуығы зейнет жасындағы азаматтар. Жасы тоқсанға таяған тыл ардагері, қарт педагог Дариға Жансейітова сайлауға немере шөберелерін де ертіп келген. Айтуынша еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаға өз үлесін қосып, ұрпағына үлгі ету зейнеткер ұстаздың басты мақсаты.
Дариға Жансейітова, зейнеткер ұстаз: «Бүгін сайлау күні, осы сайлауға немере шөбере балаларымды ертіп дауыс берейін деп тұрмын. Дауыс беру себебім осы балаларымның болашағы. Бақытты, дені сау, еліміз қуатты, бай –қуатты ел болса екен. Осы менің шөберелерімнің өмірі жақсы болса екен деген ниетпен келіп дауыс беріп тұрмын».
Президент сайлауына дауыс бергендер қатарында Олимпиада чемпиондары да бар. Токиода өткен жазғы олимпиаданың каратэден қола жүлдегері Софья Берульцева да күн тәртібінің қауырттылығына қарамастан, тарихи күннен шет қалмады. Спортшы осындай маңызды оқиғаға әрбір азаматтың қатысуы оның міндеті деп біледі.
Софья Берульцева, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері: «Азаматтың дауыс беруі қоғамдық кемелденуді көрсетеді. Сондықтан да әр дауыс маңызды. Сол үшін мен бүгін азанымен сайлауға келіп, өз дауысымды бердім. Өз шешімімді істедім. Жаңа Қазақстан үшін сайлауға келіп дауыс бердім».
Байқаушылар болса сайлаушылардың дауыс беруге қарқынды қатысып жатқанын, ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын айтып отыр. Жалпы сайлауда патриотизм мен бірлік рухы сезіліп отыр.
Азиза Өтеулиева