«Қыс-2022»: Шымкентте оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр

35

Шымкентте «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Мұнда 4 ауданның қауіпсіздігіне жауап беретін мамандар мен тазалыққа жауапты қызметкерлер бас қосты. Шара барысында қаланың қысқы төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екені пысықталып, инертті материалдың қоры тексерілді.

Шымкентте 24-25 қараша күндері «Қыс-2022» оқу жаттығу жұмысы жүргізілді. Шарада үшінші мегаполистің төтенше жағдайларға дайындығы пысықталмақ. Жиынға қатысушы мекеменің Еңбекші ауданында 3 қар тазалау бригадасы жұмыс істейді. Әр топқа жұмысшы санына қарай 4-5 техника бөлініп берілген. Олар таңнан кешке дейін ауа-райының құбылғанына қарамастан көшедегі көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.


Дінмұхамед Шаншарханов, механик: “Жауын-шашын кезінде қаланы тазалап болмайынша жұмыста боламыз. Егер 1 күн толық жүру керек, болса 1 күн, 2 күн болса, 2 күн. Жұмыс біткеннен кейін 1-2 күнге демалысқа шығады. Оған дейін осында қызмет атқарады. Қыстың күні қар түнде 2-де жауса, жарты сағаттан кейін, қардың ағарып көшені жапқанын күтеміз де кейін, барлық техника көше тазалауға шығамыз”.

Бүгінгі шарада қаладағы тазалыққа жауапты техникалардан бөлек, өрт сөндіру, қоғамдық тасымал, әскери қорғаныс құралдарының техникалары бақыланды. Қала басшысының орынбасары ауыр техникалардың мүмкіндігін тексеріп, 4 ауданның атқарған жұмысымен жеке-жеке танысып шықты

Шымкенте жалпы ұзындығы 1040 км-ді құрайтын 315 көшеге қар тазалау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін биыл 3886 тн аса тұзы мен 23 654 м3 құм дайындалған. Сонымен қатар әлі де қосымша инертті материалдар қорын толықтыру жоспарда бар.

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы: “Қыс кезінде табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтық қорғау органдарын сонымен қатар ЖАО қызметтерінің дайындығы қаралды. Таңнан бастап қаладағы барлық коммуналдық қызметтер мен ТЖ органдарының техникаларының дайындығын тексеріп жатырмыз”.

Шаһарда коммуналдық-техникалық қызметінің 262 бірлік техникасы және тазалақ жұмысымен айналысатын 781 жұмысшы бар. Бүгінгі жиында соның ішінде 28 көлік пен 130 адамның дайындығы сараланды. Сонымен қатар қосымша қажет болған жағдайға 123 жиналу-эвакуациялық пункті әзірленген.