Сенат депутаттарының сайлауы келер жылдың басында өтеді

43

Сенат депутаттарының сайлауы 2023 жылдың 14 қаңтарда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

«Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын», – делінген құжатта.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сенат сайлауында заңға сәйкес, азаматтар емес, мәслихат депутаттары дауыс береді.
Президент бүгін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде сайлау қорытындысы бойынша сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі жаңаратынын айтқан болатын.