Úı ANONS Президенттің жаңажылдық құттықтауы Шымкентте LED экрандардан көрсетілді

Президенттің жаңажылдық құттықтауы Шымкентте LED экрандардан көрсетілді

фото ШӨКҚ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы Шымкент қаласының бірқатар нүктесінде орналасқан LED экрандар арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Атап айтқанда, Президенттің дәстүрлі жаңажылдық құттықтауы Астана алаңында және Жастар ресурстық орталығы ғимаратының алдында қала тұрғындарына ұсынылды. Жиналған жұртшылық Мемлекет басшысының жылы лебізі мен ел болашағына қатысты маңызды ойларын ашық аспан астында тұрып тыңдады.
Осылайша, биыл қазақстандықтар Президенттің құттықтауын тек үйде немесе жұмыс орнында ғана емес, қала кеңістігінде бірге тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастама мерекелік көңіл күйді арттырып, тұрғындардың бірлігін айшықтай түсті.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай әсерлі отшашу ұйымдастырылып, қала аспанын әсем бояуларға бөледі. Мерекелік кеш тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті нығайтты.
Жаңа жыл баршаңызға қуаныш, береке және жарқын жетістіктер әкелсін!