Шымкентте “мемлекеттен қайтарымсыз қаржы шығарып беремін” деп, заңсыз ақша алған азаматша ұсталды. Осылайша, 36 жастағы тұрғын мемлекеттік бағдарлама бойынша грант аламын деп, қолдағы ақшасынан айырылды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына арызданған азаматтың айтуынша, маусым айында екі жылдан бергі танысы сеніміне кіру арқылы 170 000 теңге ақшасын алған. Ол 400 АЕяк көлеміндегі қаражатты уәде еткен.
Аталған жайт бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.