Түркістанда «ALTYN KÚZ – 2022» мерекесі тойланды

49

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «ALTYN KÚZ – 2022» мерекесі ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға облыс басшысы қатысып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген фермерлерді құттықтады. Өз сөзінде “Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверінің бірі. Ауылда өскендіктен бұл саланың ерекшелігін, қиындығын жақсы білемін. Еңбек адамы – елді алға бастайды” – дейді Дархан Сатыбалды.

Биыл жалпы өнім көлемі 951 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 145 млрд теңгеге артық. Егіс алқабы 14 мың гектарға ұлғайып, жалпы 860 мың гектарға дейін жетіп отыр.

Сонымен қатар жаңадан 113 гектар жылыжай салынды. Ал дәнді дақыл түсімі 777 мың тоннаға жетсе, көкөніс, бақша өнімдерінің құны 3 млн. 245 мың теңгені құрады.