Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы 46 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 2022 жылдың маусым айында өзін «Жұмыспен қамту орталығының бөлімше бастығымын» деп таныстырған азаматша құны 3 500 000 (үш жарым миллион) теңгеге бағаланған алтын әшекей бұйымдарын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Тергеу барысында күдікті «Жұмыспен қамту орталығының» ауласында сол мекемеде жұмыс жасайтын екінші тұлғаға алтын бұйымдарды сатып беремін деп, жәбірленушіден алдап алғандығы белгілі болды.
Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне олтіркелді.
Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны анықталып, қала аумағында қолға түсті.
Қазіргі кезде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасуда.