63 алаяқтық жайтына қатысы бар азамат ұсталды

28

“Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп” 2 млн. теңгесінен айырылды. Әл-Фараби АПБ-на арызданған жергілікті жердің тұрғынның айтуынша, танысы «кезексіз пәтер алып беремін» деп, 2 000 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігімен тіркелді.

Іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осы тектес тағы 63 жайтқа қатысы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, оның бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болғандығы да белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.