Әлеуметтік кодекске жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілді

14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекске жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда диплом жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі емес екенін мойындау керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көпшілігі нақты тәжірибенің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заң әзірленді», – деді Дүйсенова мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Айтуынша, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленеді.