Шымкент қаласында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 54 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланған.
Осыған байланысты 2022 жылы 19 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясының және Самал-3, Солтүстік шығыс, Солтүстік батыс, Жұлдыз елдімекендері мен Айша бибі және Хлопзавод-Шолохов көшелеріне кәріз құбырын тарту құрылысы аяқталды.
Жалпы жыл қорытындысымен, 65 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтылды.