Димаш «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

39

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Танымал әнші мемлекет есебінен шетелде оқуға мүмкіндік алған 178 қазақстандықтың бірі болды.

Оның ішінде 93 адам АҚШ-тың, 47 адам– Ұлыбританияның және т. б. жоғары оқу орындарында білім алады.Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға басымдық береді.

Айта кетсек, «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді.