eGov порталы техникалық жұмыстарға байланысты қызмет көрсетпеуі мүмкін.
eGov электронды үкімет порталы 29 желтоқсаннан 30 желтоқсанға қараған түні қызмет көрсетпейді.
«2022 жылғы 29 желтоқсан сағат 21:00-ден 2022 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін» делінген сайттың телеграмм каналында.