Есірткі таратпақшы болған кезекті күдікті құрықталды

62

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағында есірткі заттарын таратпақшы болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан есірткі заттары салынған жалпы 30 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны анықталып, жалпы салмағы 21 грамды құраған.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың аталған есірткі заттарын өткізу мақсатында Шымкент қаласындағы жасырын орындарға тығып кетпекші болғаны белгілі болды.
Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты кез-келген әрекет заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.