“Мамандығын ауыстырып беремін”: Шымкенттік тұрғын 550 мың теңгесінен айырылды

41

Әл-Фараби ауданды Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде оқитын туған сіңлісінің мамандығын басқа факультетке ауыстырып беретінін айтып әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 550 000 (бес жүз елу мың) теңгесін иемденіп алғанын көрсеткен. Яғни уәдесінде тұрмай, қаржыны да кері қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Жасы — 41-де, жұмыссыз.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барған. Және өз кінәсін толықтай мойындап, бұл үшін өкінетінін жеткізді.
Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.