Шымкентте Haval H6 автокөлігінің жаңа моделі таныстырылды

Шымкентте жаңа Haval H6 автокөлігінің тұсаукесері өтті. Жаңа темір тұлпар кез келген жанның көңілінен шығып, тіпті ең талғампаз автокөлік жүргізушілеріне де ұнайтыны сөзсіз. Көліктің таныстырылымына арналған салтанатты кеште жаңа автокөліктің моделі ұсынылып қана қоймай, қонақтар арасында түрлі сыйлықтар мен 1 млн теңгеге жеңілдік сертификаты ойнатылды. 

Су жаңа автокөлікті қонақтарға таныстырмас бұрын, жиналған көпшілікке Haval H6-ның жүректі жаулайтын қасиеттері туралы шағын ақпарат берілді. Үшінші буындағы Haval H6 лемон платформалы жаңа модулді көлік элементтерінің бір бөлігі алюминий компоненттерден жасалған. Көлікте 25 дюймдік сандық бақылау тақтасы, 12 дюймдік мультимедиялық жүйенің сенсорлық дисплейі және қозғалтқышты түймеден іске қосу қосымшалары орнатылған.

Диас Тұран, «BM motors» сату бөлімінің аға менеджері: «Бұл бізде бизнес-класс автокөлігі яғни полноразмерлі кроссовер. Және оны несиеге алсаңыздар болады. Алғашқы жарна бізде 10 пайыз. Және 7 жылға дейін кредитке алуға болады».

Сондай-ақ, автокөлікте қауіпсіздік мақсатында 360 градустық камера орнатылған. Сонымен бірге, бұл темір тұлпарда жол белгілерін тану жүйесі бар екендігін де атап өту керек. Келген қонақтар арасында Haval H6 жаңа моделін сатып алғандар да бар. Құдірет Райымов өзінің жаңа көлігінің сапасына дән риза. Ол автокөлікті жақында ғана сатып алғанымен, үлгісі мен жаңа қосымшалары толық көңілден шығады дейді.

Құдірет Райымов, сатып алушы: «30 қараша күні алдым машинаны. Қазір 3000 км-ден артық жүріп қойдық. Мен осындай болады деп күтпеп едім. Өте керемет машина! расында ыңғайлы. Өте жүруі тез, тартуы жақсы».

Көптен күткен сәт те келіп жетті! Шымкенттіктерге арналған Haval H6 қала тұрғындары мен қонақтарына таныстырылды. Келушілердің бірі жаңа көлік түрімен естелікке суретке түсіп жатса, енді бірі рөлге отырып көру үшін кезекте тұр.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан талғампаз тұтынушылар Haval H6 көлігіндегі автоматты тұраққа орналастыру және барлық орындықты жылыту жүйесін жоғары бағалады. Салтанатты кеште бағалы сыйлықтармен бірге 1 млн теңгеге сертификат ойнатылды. Жеңімпаз жаңа Haval H6 моделін сатып алған жағдайда 1 миллион теңге жеңілдікке ие болады.