Шымкентте жыл басынан бері жалған нөмір таққан 103 жүргізуші анықталды

54

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлі көлік құралдарын басқарған 103 жүргізушіні анықтады.

Барлық жайт бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.