Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада «Алтын сапа» мен «Парыз» сыйлықтарын табыстады. Үздіктердің қатарында мегаполистегі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і де бар. Мекеме «Экологияға қосқан үлесі үшін» алтын «Парыз» сыйлығымен марапатталды. Жалпы биылғы байқауға республика бойынша 281 кәсіпорын өтініш берген.
Экологияға қосқан үлесі үшін «Парыз» сыйлығы! «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і дәл осындай құрметті марапатқа ие болды. Шымкенттік мекеме байқауға қатысуға өтінім берген 281 кәсіпорынның ішінен суырылып шығып, үздіктер қатарынан көрінді.
Дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында президенттік сыйлықтың және республикалық байқаулардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – 5 номинация бойынша Қазақстанның үздік еңбек ұжымдарын анықтау және ынталандыру. Соның бірі- «Экологияға қосқан үлесі үшін» шымкенттік кәсіпорынға алтын «Парыз» жүлдесі берілді.
Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры: «Шымкент қаласынан республикалық «Парыз» сыйлығын алу үшін биыл 23 мекеме өтінім берген екен. Еңбек нарығында жүйелі жұмысымен, уақыт талабына сай өндірісті жандандырып отырған үздік ұжымдарды анықтауды діттеген бұл шарадағы бірегей аталым осы – «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы. Соңғы 5 жыл ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» кәсіпорнының бұл бағыттағы жұмысы жүйелі және өз нәтижесін беріп отыр».
Жалпы, елімізде 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есеге өскен. Қазір ел экономикасының 34 пайызға жуығы осы бизнестің үлесінде. Президент салтанатты жиында алдағы жеті жылда кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін барлық кедергіні жоюға күш салынатынын, бизнесті өркендету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтты».
Салтанатты жиында Ел Президенті алдағы жеті жылда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті шектейтін барлық кедергілерді жою шаралары қабылданатынын және бизнестің өркендеуі үшін күшейтілген шаралар қолға алынатынын атап өтті. Айта кетейік, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Кәсіпорын озық технологияларды енгізе отырып, жасыл алқаптарды жаппай отырғызу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бүгінде бұл салада үш жарым миллионнан астам адам жұмыс істейді, бұл еңбекке қабілетті халықтың 40 пайызын құрайды.