Түлкібас ауданында 4 жарым мыңнан аса тұрғын жұмыспен қамтылды

94

Биыл Түлкібас ауданында жұмыспен қамту шараларына 4638 тұрғын қатысты. «Еңбек» бағыты бойынша 3569 азамат өз қызметтік жолын бастады.

Соның ішінде тұрақты жұмысқа 1700, уақытша жұмысқа 1869 адам тартылды. Сонымен қатар, мемлекет басшысының әр бір «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» тапсырмасы аясында 635 тұрғын бос орынға жолданды.

Аудан басшылығына жыл басынан бері облыс әкімдігі тарапынан 18 тапсырма берілген. Қазір оның 8-і орындалды. Қалған 10 тапсырманың орындалу кезеңіне қарай келер жылға қалдырылды.