Өткен жылы «Қазақтелеком» Түркістанда 5G базалық станциясын орнатты. Нәтижесінде қаладағы бірқатар туристік орын жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.
Атап айтқанда, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, «Rixos» қонақ үйі 5G орнатты. Шаһһарда жаңа желіге 564 986 абонент тіркелген.
Ал қазір 300-500 Мбит/с құрайтын орташа жылдамдықты интернетті 7835 абонент пайдаланып отыр. Жаңа желінің қосылуы «Ақылды қала» жобасын іске асыруға мүмкіндік берді.