Түркістан облысында тұрғыннан есірткі заты бар 5 дана сіріңке қорабы табылды. Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында көлік ішінде күмәнді зат қолданып отырған жүргізушіні байқап, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақыртты.
Көліктің құжаттарын тексеріп, жауап алып, тінту жүргізу барысында тұрғыннан 5 дана сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас зат табылды. Заттай айғақ бірден сараптамаға жіберілді. Белгілі болғандай, аталған зат салмағы 20 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабымен тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.