«10 млн. бермесең отбасыңа залал келтіремін» деп бопсалаған…

68

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарламасы бойынша: Сотқа 2023 жылдың 26 қаңтарында сотқа дейінгі тергеп – тексеру органынан Қазақстан Республикасының ҚК –нің 194-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен күдікті А-ға қатысты қылмыстық іспен танысу кезеңінде «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасында болуды санкция туралы өтінішхаты түсті.

Сотта анықталғандай, күдікті А. бұрын сотты болған адам бола тұра, 2022 жылдың тамыз айынан бастап С-ға күш қолданып, 10 000 000 теңге бопсалап, ақшаны бермеген жағдайда отбасына немесе өзінің денсаулығына залал келтіретінін айтып қорқытқан деп күдіктелген.
Сот, іс бойынша жинақталған құжаттарды зерттей отырып, құжаттармен толық танысуға қосымша уақыт қажет деген тұжырымға келді.
Полиция департаменті тергеушісінің өтіншхаты қанағаттандырылып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен күдікті А-ға күзетпен ұстау мерзімі 15 /он бес/ күнге, яғни 2023 жылғы 14-ақпан сағат 21-56 минутқа дейін болу санкцияланды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.