Шымкенттік блогер әкімдік қызметкерінен 10 млн. теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі ықпалын пайдаланып, мемлекеттік қызметшіге қысым көрсеткен.
Яғни, қомақты қаржы талап етіп, биліктің жұмысын қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бүгінде бұл блогер-журналист ұсталып, қамауға алынды. Ал полиция істің барлық мән-жайын тергеп жатыр.
ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді».
Лаура Бабас






