Úı ANONS 20 млн. теңге бопсалаған күдікті ұсталды

20 млн. теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн. теңге бопсалаған күдікті ұсталды. Құзырлы орган өкілдері жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, күдікті арам ойын жүзеге асыру үшін талай рет қоғамдық тамақтану орнына келген.

Тектен-тек келмей, нысанды видеоға түсіріп алған. Мұнан соң, кәсіпкерге қысым көрсетіп, түрлі уәкілетті органдар арқылы тексеру ұйымдастыратынын жеткізген. Ол аздай, бизнесін тоқтатып тастауға ықпал жасамақшы болған. Заңсыз әрекеттері арқылы 20 миллион теңге талап еткен.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция ескертеді, ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет».

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Нұргүл Жолымбетова