4 жасар математик аудан әкімінің қабылдауында болды

35

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге танылып үлгерген 4 жасар математик Ислам Қанатбекұлын қабылдады.

Жас математик есепке жүйрік қасиетімен көпшілікті таңдай қақтырды. Қазнетте тараған видео 1 күн үшінде миллиондаған қаралым жинады. Ол ондық пен мыңдықтарды еркін алып-қоса алады.

Бұған қолдау білдірген аудан басшысы ризашылығын жеткізіп, өз атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.