Ақылды үй жобасы: Шымкенттік оқушылар бас жүлдеге ие болды

54

Шымкенттік жастар электр қауытын үнемдейтін ақылды үйдің макетін жасап шықты. Олардың бұл жобасы республикалық Роботтар фестивалінде бас жүлдені еншіледі. Айтулы инновациялық жоба қазіргі тұрғын үйлерде орына алып жатқан түрлі апаттың алдын алуға негізделген. 

Бұл жоба Алматы қаласында өткен республикалық Роботтар фестивалінда бас жүлдеге ие болды. Жарыста №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп интернатының оқушылары электр қуатын үнемдейтін үйдің макетін ұсынды. Мұндағы құрылғылар тұрғын үйлерде орын алып жатқан апаттардың алдын алуға негізделген.

Әмина Қаныбек, оқушы: «Бұл ақылды үйде датчиктерді қолдана отырып, жарықтардың өзі өшіп-жануын, немесе шапалақ ұрғанда жарықтың жану сынды дүниелерді қарастырдық»

Рамазан Қоныс, оқушы: «Біздің жобамызда есіктің ашылуынан бастап иннивациялық ерешелік бар. Үйдің ішінде ылғалдылықты тексеретін бағдарлама орнатылған. Сонымен қатар ең бастысы өрт сөндіру системасы істейді»

Жаңа жобаны «Revelation» командасы бар-жоғы 1 жарым аптаның ішінде дайындап шыққан. Жалпы есепте шымкентік құрама 4 негізгі құндылық бойынша 260 баллға жинаған. Сонымен қатар берілген 14 миссияның 12-сін мүлтіксіз орындап шыққан. Жоба жетекшісі Беклан Тастанбек мұның бәрі балалардың үздіксіз ізденісінің арқасы екенін айтады.

Беклан Тастанбек, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі: «Біз республикалық құрамаға ендік. Бұл негізгі лига. Бұл жердегі инновациялық жобаның негізгі идеясы энергияны үнемдеу бойынша роботтар әр түрлі энергияны жинау процесімен айналысады»

Айта кетейік, мектеп құрамасы Германияда өткен роботтар байқауына қатысып үздік алтылыққа іліккен еді. Қазір мұнда 50-ге тарта дарынды оқушы жаңа технолияның қыр-сырын меңгеріп жатыр.