«Инватакси» қызметі жалғасын таба ма?

52
фото Литер.кз

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Инватакси» қызметінің тоқтауы туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Дәлірек айтатын болсақ 2023 жылға дейін қаламызда мүгедектігі бар адамдар мен балаларды тасымалдау үшін «Инватакси» және «Әлеуметтік такси» қызметтері жұмыс атқарылып келді.

Бірінші қызмет ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер және бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер бар Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі.

2022 жылы бұл қызметті алу үшін 585 адамнан өтінім қабылданып, тасымалдау қызметін атқару үшін 28 автомашина қарастырылған болатын.

Ал Әлеуметтік такси қызметі жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес Инватакси қызметін алуға медициналық көрсетілімі жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға ұсынылып келді.

2023 жылдан бастап аталған қызметті монетизациялау бойынша ұсыныс 2022 жылғы 23 желтоқсандағы Мәслихаттың сессиясында қолдау тапты.

Бұл ретте, ағымдағы жылдан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға жүріп-тұруы үшін 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.

Аталған мәслихат шешімі қазіргі таңда әділет органдарында тіркеуге жолданған.
Қазірге таңда шешімнің тіркеліп, ресми жариялануы күтілуде.

Яғни, «Инватакси» тасмалдау қызметі жалғасады. Әлеуметтік такси қызметі – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төлеміне алмастырылған.