Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы көбейтілді

106
фото Айқын

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы

Кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай беріледі.
2023 жылы оның мөлшері:

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96,807 теңге;

8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 110 607 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңгеден.