«Крещение Господне» православ діни мерекесін өткізу кезіндегі сақтық шаралар

88

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында «Крещение Господне» православ діни мерекесінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында аталған мерекені қауіпсіз өткізу және шұғыл телефондарды пайдалану тәртібі бойынша мәселелер қаралды.

Спикер болып жедел-құтқару жасақтың басшысы Орынбасар Құлманбетұлы Төртбаев, «Шымкент Епархиясының Шымкент қаласындағы Иверской иконы Божией Матери» діни бірлестігінің жетекшісі Коновалов Григорий Александрович сөз сөйледі.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен қаланың су айдындарында қауіпсіз шомылу бойынша профилактикалық сипаттағы алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Шымкент қаласы дін істері басқармасының мәліметі бойынша «Крещение Господне» мерекесінің қарсаңында шомылу рәсімі ағымдағы жылғы 19 қаңтарда сағат 24.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін Шымкент қаласы «Қошқар-ата» өзенінде өткізіледі. Төтенше және қайғылы жағдайды болдырмау үшін әрбір бөлігінде жедел — құтқару жасағының тәжірибелі сүңгуірлері суға түсушілерге қатаң бақылау жасайды. Сонымен бірге Апаттар медицинасы орталығы филиалының кезекші бригадалары да медициналық көмек көрсетуге дайын болады.
Әрбір қатысушылар алдын ала нұсқамалармен таныстырылады. Құтқарушылар шомылардың алдында бұлшық еттерді жақсылап қыздырып алу қажеттігін, жүгіріп немесе секіріп алуға болатындығын және оларды киімсіз істеген дұрыс екендігін ескертеді. Шомылып шыққаннан кейін бірден жылы шұлық және қолғап кию қажет – себебі, осы дене мүшелері бірінші тоңып бастайды, сүлгімен сүртіп немесе халатқа орану қажет, кептірініп киініп, ішімдік ішпеген жөн. Айтқандай, мұздай суға түсу жүйесі денсаулықтың сауығуына көмектесуі мүмкін, бірақ бір жылда бір рет ойланбай суға түсу-бұл адам ағзасына ауыр күйзеліске әкелуі мүмкін.

Нұржан Қаракөзев,
Шымкент қ.ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы