Қалын қардың салдарынан шатыр құлады

29

Шымкенттік құтқарушылар кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы хабарлама 2023 жылы 16 қаңтарда сағат 06.32-де «112» құтқару қызметіне келіп түскен.

Оқиға Шымкент қаласы, Солтүстік – Батыс шағын ауданындағы Өркенді көшесі бойында орналасқан үйде орын алды. Тұрғын үйдің алдындағы 25*5 шатыры қалын қарды көтере алмай, құлаған. Шатырдың астында «Лексус» автокөлігі басылып қалған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары сағат 07.12 – де оқиға орнына жетіп, арнайы гидравликалық құралды қолданып, автокөлікті шығарып берді.
Құрметті қала тұрғындары! Төтенше жағдайларды алдын алу үшін шатырлардағы қалын қарларды уақтылы тазалауды ұмытпаңыздар!