Қазақстан өткен жылы Өзбекстанға 2,5 млн тонна бидай және 375 мың тонна ұн жеткізді. Ішкі сұраныстың басым бөлігі еліміздің астық өнімдерімен өтелді. Оған қоса, картоп, арпа, май, жүгері және ірі қара еті де бар.
Жыл қорытындысы бойынша сырттан жеткізілетін азық-түліктің 36,6%-і қазақстандық екені айрықша атап өтілді. Ал өзбек кәсіпкерлері елімізге автомобиль және тоқыма бұйымдарын көптеп жөнелте бастады.
Нұрлан Құлбатыров, ҚР Сауда министрлігі жанындағы компания өкілі: «Елдеріміз арасындағы сауда-саттық пен қызмет көлемін 10 млрд долларға жеткізу жөніндегі меже бар. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы сол істі жеделдетуге сеп. Әлемдегі геосаяси жағдай да осыған үндеп отыр. Енді екі ел бірлесіп, дайын өнімдерді шығаруға тиіс. Екіжақты келісімдер арқылы тұрақты жұмыс орындары ашылады. Биыл Қазақстан осы елге бір ғана азық-түлік экспортын 500 млн долларға көбейте алады. Шикізаттық өнімдерге сұраныс бұрыннан бар. Оның да үлесі артады».