Қазақстанда 1,1 млн. адам банкроттыққа өтініш бере алады

40
фото Халық үні

Қазақстанда 1 млн. 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Айтуынша, қаңтар айының басынан бері ведомствоға банкроттық мәселесімен 10 мыңнан аса адам жүгінген.

«Барлығы 1 миллион 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Одан аспайды. Бірақ банкрот болу, болмауды әркім өзі шешеді. «Банкрот» мәртебесі «қара таңба» сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін», – деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол банкрот атанған азамат бес жыл бойы жаңа кредит ала алмайтынын атап өтті. Бұған қоса «банкрот» статусы 7 жыл бойы сақталады. Еске салсақ, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады. Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады.