Шымкентте қараусыз қалған ғимарат өртенді. Оның ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ОТЫРАР.
Жедел ақпарат 13 қаңтарда өрт сөндірушілерге келіп түскен. Абай ауданында қараусыз қалған үй өртенген. Алдымен төсеніш өртеніп, кейін өрт еденге және терезе жақтауына жайылған. Жалынның жалпы ауданы 9 ш.м құрайды.
«Өрттің салдарынан ер адамның мәйіті табылды (жеке басы анықталуда, болжам бойынша тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам). Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.