Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті

90

 

Шымкентте 13 қаңтар күні сағат 11:43-те Ерметов көшесінің бойында VANHOOL маркалы автобус өртенді, – деп хабарлады «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі.

Автобуста жолаушылар болмағандықтан жалын санаулы минуттарда жанып кеткен.

Өрт 12:09-да оқшауланып, 12:20-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 бөлімшесі жұмылдырылды.