Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағы 4 бірдей маманның үстінен іс қозғалды. Олар лауазымын асыра пайдаланып сыбайлас желқорлыққа барды деген күдікке ілінген.
Қазір күдікті деп танылған басқарма басшысы мен орынбасарлары және бөлім меңгерушісінің жеке мүліккіне тінту жүргізіліп жатыр. Облыстық сот қазірше толық ақпарат жариялануға жатпайтынын жеткізді.
Әсет Серікбаев, Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды адамдарының заңсыз әрекеті бойынша соттың санкциясынсыз жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын анықтау туралы іс құжаты түсті. Нәтижесінде лауазымды тұлғалардың атап айтқанда Отырар мөлтекауданындағы үйі, облыстық әкімдіктің басқармалар үйі Б корпусындағы қызметтік бөлмесі мен қызметтік көліктері соттың санкциясынсыз жүргізілген тінтудің заңдылықтары 7 қаңтарда қанағаттандырылған»