Үш қазақстандық «Горизонт-2100» байқауының жеңімпазы атанды

27

Үш қазақстандық «Горизонт-2100» халықаралық ғылыми және ғылыми-фантастикалық шығармалар байқауының жеңімпазы атанды.

Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден астам жұмыс, оның ішінде Қазақстаннан 10 жұмыс ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша бірден үш қазақстандық жеңімпаз атанды:

«Ғылымның болашағы» номинациясында Виталина Шевчуктің (Астана) «Динозаврлардың тірілуі»ғылыми-фантастикалық жұмысы бірінші орынды жеңіп алды;

«Жаһандық әлемнің болашағы» номинациясы бойынша екінші орын Айсұлу Талайбекқызының ғылыми жұмысына (Шымкент) берілді;

«Жарқын бастама» номинациясында Айсана Құсайынованың (Петропавл) «Болашақтың вакцинасы»ғылыми-фантастикалық жұмысы жеңімпаздар қатарында болды.

Айта кетері, «Горизонт 2100» байқауы әртүрлі елдердің жастарын болашақ туралы жаңа идеяларды, ғылыми болжамдарды, ғылыми-фантастикалық ұсыныстарды іздеуге ынталандырады. Байқауды Болашақты модельдеу орталығы (Мәскеу) ұйымдастырған.