Жаңа ашық вагондар сатып алынады

31

Қазақстанда былтыр 7 мыңнан астам жүк вагоны 18 мамандандырылған депода жөнделді, деп хабарлады «Қазтеміртранс».

Сонымен қатар компания биыл тағы 1 500 жаңа ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр.
«Қазтеміртранс» АҚ паркінде қазіргі күні барлығы 40 мыңға жуық жүк вагоны бар.
Әр жылғы жоспарларлы жөндеу вагон паркінің жағдайын ескере отырып белгіленеді.
Бүгінгі таңда «Қазтеміртранс» АҚ вагондарына жүндеу жұмыстарын 18 депо жүзеге асырады.