Жоғалған қыз табылды

48

Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бұған дейін жоғалған Анелді тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда Абай АПБ-на жергілікті тұрғын кәмелет жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Белгілі болғандай, қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен.

Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған.

Шымкент қаласы ПД-нің жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалында тапты.

Анықталғандай, Анел бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан. Кәмелетке толмаған қыздың айтуы бойынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғуы себеп болған. Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бас тартып отыр.

Қазіргі таңда әкімдік, білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар, анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды. Бұл уақыт аралығында қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады.