Биыл Шымкентте жаңа бағдарлама арқылы үй беріледі

61

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 242 пәтер беріледі. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқарамасының басшысы Жанат Утебаева баспасөз брифингінде әмілмеді. Айтуынша, өткен жылы да бұл бағдарлама арқылы 3 246 азамат баспанамен қамтылған. Ал 2023 жылы тұрғын үй саласында қандай өзгерістер болады?

Алғашқы 10 пайыз жарнасын төлеп, жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен үй алыңыз! Шымкент қаласында алғаш рет қолған алынып отырған «Қамқор» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін азаматтар тиімді шартпен баспаналы бола алады. Қалалық тұрғын үй басқарма басшысы Жанат Утебаеваның айтуынша, жобаға қатысушы үміткерлер 20 млнға дейінгі пәтерді өзі таңдайды.

Жанат Уебаева, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы:
«Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақстанда жергілікті әкімдіктің қолдауымен мегаполисте бұған дейін болмаған “Қамқор” бағдарламасы іске қосылмақшы. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады».

Сонымен қатар, биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3242 пәтер беріледі. Оның 324 пәтері арендалық, 111-і – тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге ; 1919-ы несиелік; 888-і жұмыс істеп жүрген жастарға арналған.

Жанат Утебаева, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы:
«2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 3246 пәтер берілген. Оның 748-і кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілсе, 857 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын. Олар кезекте.кз платформасы арқылы жүргізілді. Ол барлық мемлекеттік қызметтердің интеграцияланған базасы».

Айта кетейік, мемлекетттік бағдарлама аясында «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде үй алған азаматтарға бастапқы жарнаны жабу үшін жергілікті бюджет тарапынан қайтарымсыз 1 млн теңге қаржы беріледі. Мәселен, үшінші меГаполисте жыл басынан бері мұндай көмекті 66 адам алған. Ал жалпы бұл бағытқа биыл 200 млн теңге қаржы бөлінген.