Грек-Рим күресінен Шымкент бірінші орын алды

15

2-4 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының құрама комадасы 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы комадалық есепте 121 ұпаймен І орын, Жетісу облысы 98 ұпаймен 2 орын, 94 ұпаймен ШҚО 3 орынды жеңіп алды.

Оның ішінде Мұхамедали Мамурбек 63 келі салмақта, Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақта алтын медаль иегері атанды.